ТЖМ журналистер арасында өрт сөндіру кәсібіндегі ең мықтыны анықтады

ТЖМ журналистер арасында өрт сөндіру кәсібіндегі ең мықтыны анықтады
Сурет: Gov.kz.

ТЖМ журналистер арасында өрт сөндіру кәсібіндегі ең мықтыны анықтады

 

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында журналистер арасында өрт сөндіру-құтқару квесті ұйымдастырылды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР ТЖМ жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап. 

Іс-шараны Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ашты. Министр қазіргі қоғамдағы БАҚ-тың рөлін жоғары бағалап, масс-медианың қоғамға, азаматтық қорғау органдарының имиджіне ықпалын атап өтті.

«Сіздер табиғи апаттардың эпиорталығында болып тұрасыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында еліміздің азаматтары құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қызметі туралы біледі, сіздердің жұмыстарыңыз қарапайым азаматтарға төтенше жағдайға дайын болуға мүмкіндік береді», - деді ТЖМ басшысы Юрий Ильин баспасөз өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде.

«Qazaqstan», «Atameken business», «Еуразия» бірінші арнасы, «31 арна», «КТК» телеарналарының, «Tengrinews», «Kazinform» ақпараттық агенттіктерінің өкілдері ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған жарыстарға қатысты.

Бірнеше сағат бойы олар өрт сөндірушілер рөлінде өздерін толық сезіне алды. Өрт сөндірушілер нақты жағдайларда бетпе-бет келетін күрделі міндеттерді орындай отырып, өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандығының қаншалықты күрделі және қауіпті екенін сезінді.

Квест басталар алдында өрт сөндірушілер нұсқаулық өткізді.

Командалардың алдында түтін камерасынан өту, кедергілер жолағынан өту, зардап шеккен адамды табу және құтқару, өрт сөндіру оқпанымен жұмыс істеу және зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсету міндеті тұрды.

Квест қорытындысы бойынша, «Atameken business» телеарнасының командасы бірінші орынды, «Kazinform» ақпараттық агенттігінің журналистері екінші орынды, «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасының қызметкерлері үшінші орынды иеленді.

Жарыстың жүлдегерлері мен қатысушылары естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.