Түрксіб ауданында ескі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда

Түрксіб ауданында ескі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Осы жылы 5 үй (121 пәтер) салынды, оған жақын маңдағы ескі үйлердің тұрғындары қоныс аударды.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Сонымен қоса 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыстың аяқталуы – 2023 жылдың желтоқсан айы.

- «Алтай-2» шағын ауданында жеке құрылыс салушы («Elite construction» ЖШС) 6 үй (43 пәтер) сатып алды. Қазіргі уақытта оларды бұзу және 3 тоғыз қабатты үйдің (200-ден астам пәтер) құрылысын бастау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, бұл шағын ауданда 54 үйді жаңарту жоспарлануда, - деді қала әкімі.