Түрксіб ауданында 2 амбулаторияның құрылыс аяқталады

Түрксіб ауданында 2 амбулаторияның құрылыс аяқталады
Сурет: Самат Құсайынов

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Аудан тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтуды жақсарту мақсатында 2023 жылдың қазан айында «Нұршашқан» шағын ауданында 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның, сондай-ақ желтоқсан айында Айбасов көшесінде 200 келушіге арналған амбулатория құрылысы аяқталады

Сонымен қатар 2024 жылғы қаңтарда «Қайрат» шағын ауданында 340 келушіге арналған емхананың жобалау-сметалық құжаттамасы дайын болады (мемлекеттік сараптама – 2024 жылғы сәуір). 2024 жылғы мамырда «РВ-90» шағын ауданында 200 адамды қабылдайтын  отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның мемлекеттік сараптамадан шығуын күтеміз», - дейді қала әкімі Ерболат Досаев. 

IV-ші тоқсанда Әлмерек шағын ауданында 200 адам келетін отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жарияланады.