Түркістан облысы жиһаз өнеркәсібіне инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр

Түркістан облысы жиһаз өнеркәсібіне инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр
Сурет: Gov.kz

2023 жылы отандық жиһаз өнеркәсібіне инвестиция көлемі 17,1 млрд теңгеге жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есеге жоғары көрсеткіш (4,4 млрд теңге).

Жиһаз өнеркәсібіне инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өткен жылы осы өңірдің жиһаз өнеркәсібіне 13,2 млрд теңге инвестиция салынып, республикалық деңгейдің 76,8 пайызын құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы Түркістан облысында осы салаға 1,4 млрд теңге инвестицияланған. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, бір жылда саладағы инвестиция көлемі тоғыз еседен астам (9,1) өсім көрсетіп отыр. Мұндай жоғары көрсеткіштер кеңселер мен сауда кәсіпорындары үшін жиһаз өндірісіне (+5,8 есе - 6,3 млрд теңгеге дейін) және басқа да жиһаздарға (+18,9 есе - 6,9 млрд теңгеге дейін) инвестициялар көлемін арттырудың арқасында мүмкін болды.