Тұрғын үй бағасы тұрақтамай тұр

Тұрғын үй бағасы тұрақтамай тұр
Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық статистика басқармасының ресми деректеріне сәйкес, 2023 жылдың қазан айында тұрғын үй бағасы көтерілген. 

Жаңа тұрғын үй бағасы бір айда 0,3%-ға өсіп, шаршы метрі 493,5 мың теңгеге бағалануда.  Ал екінші санаттағы үйлердің сату бағасы бірден 0,7%-ға өсіп, бір шаршы метрі 489,2 мың теңгеге жеткен. Былайша айтқанда осы жылғы рекордты орнатты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Жаңа ҰСБ әдісі бойынша жинақталған жылдық өсім жаңа үйлер үшін 5,1%, ал екінші санттағы баспана үшін минус 5,3% құрады. Салыстырмалы түрде айтқанда бір жыл бұрын жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрі 430,6 мың теңгеге бағаланса,  екінші санаттағы тұрғын үйдің шаршы метрі нарықта 484,9 мың теңгеге саудаланған. Осылайша, жаңа тұрғын үй бойынша жиынтық жинақталған өсім 14,6%, ал ескі тұрғын үй бойынша 0,8% құрады. Осы ретте @tengenomika 2022 жылдың қаңтарынан бастап тұтынушылық инфляция жағдайында жылжымайтын мүлік нарығындағы тұрғын үйдің жинақталған баға өсімі туралы жазған қызықты деректерін ұсынсақ:

Жаңа тұрғын үй +17,4%;

Ескі үй +12,9%;

Жалға берілетін тұрғын үй +38,6%;

Тұтыну инфляциясы +29,8%.