АҚШ әскерилері медициналық дайындықтан өтуде

АҚШ әскерилері медициналық дайындықтан өтуде
Сурет: News.myseldon.com

Құрама Штаттар медициналық дайындықты бастап та кетті

АҚШ-тың Висконсин штатында Ұлттық ұлан әскерилері арнайы медициналық дайындықтан өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұған аймақта медицина қызметкерлері мен ауруханалардағы орын тапшылығы себеп.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, өткен аптада 50 сарбаз қарттар мен үйде емделіп жатқан науқастарға барған дәрігерлерге көмектескен. Қазір тағы 80-ге жуық әскери арнайы дайындықтан өтуде.

Айта кетейік, аймақта бір аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 10-мыңға жуықтады. Нашар халде жатқандардың да саны артқан.

«Денсаулық сақтау саласына үлкен ауыртпашылық түсті. Білікті маман мен бос орын тапшылығы пайда болды. Қазір ауруханалар 95 пайызға толды», - деді Висконсин штаты Денсаулық сақтау департаментінің хатшысы Карен Тимберлейк.