Тоқаев Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасымен кездесті

Тоқаев Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасымен кездесті
Сурет: интернеттен

Жария түрде өтетін талқылауға кімдер қатысатыны белгілі болды.

22 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша көпшіліктің қатысуымен талқылау өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС жүргізген зерттеу қорытындысына сәйкес, АЭС салуға ең қолайлы орын ретінде Үлкен ауылы (Алматы облысы Жамбыл ауданы) аумағы ұсынылды. Зерттеу нәтижесі 2022 жылдың мамырында ҚР атом саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды және мақұлданды.

«Атом энергиясын пайдалану туралы» заңның 12-бабына сәйкес Үкіметтің АЭС салатын ауданды таңдау туралы тиісті шешімін қабылдау үшін аумағында қондырғы салу жоспарланып отырған жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттың) келісімі талап етіледі. Осыған байланысты Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі тұрғындардың өз аумағында АЭС салу мәселесіне қатынасын анықтау мақсатында осы талқылауларға бастамашылық жасады.

Тыңдауларда экология, денсаулық, табиғи-климаттық факторлардың АЭС-ке әсері, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Тыңдауға халық, БАҚ өкілдері, Алматы облысының қоғамдық кеңесі, Энергетика министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, «Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы, Қазақстанның ядролық қоғамы және экология, сейсмика, қауіпсіздік, энергетика, инфрақұрылым, ШОБ және т.б. салалардағы салалық сарапшылар қатысады.

Тыңдау барысында азаматтар технологиялардың қауіпсіздігі бойынша, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша өздерін алаңдатқан кез келген сұрағын қоя алады.

Бұл жария талқылау ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес өткізілетін қоғамдық тыңдау емес. Қоғамдық тыңдаулар жобалық құжаттаманы әзірлегеннен кейін жобаны экологиялық бағалау кезеңдерінде – кейінірек өткізілуге тиіс, – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Елдегі алғашқы АЭС салуға үміткер компаниялардың тізімі жасалды:

HPR-1000 қытай компаниясы – CNNC;

APR-1400 реакторы бар корей компаниясы – KHNP;

ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары бар Ресей компаниясы – Росатом;

EPR-1200 реакторы бар француз компаниясы – EDF.

Еске салайық, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтпейді. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов айтты.

Референдум болмайды. Бұл мәселе референдумға шығарылмайды. Біріншіден, алаңның орналасқан жеріне қатысты сұрақ бар. Екіншіден, ең бастысы – технология және қаржылық-экономикалық модель. Ол қалай әсер етеді, біз мұны қалай жүзеге асырамыз? Бұл жөнінде мәселе бар, - деді вице-министр.

Жоспарға сәйкес, АЭС құрылыс-монтаж жұмыстары 2034 жылы аяқталып, 2035 жылы станция пайдалануға берілуге тиіс.