Тоқаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын өзгертуді ұсынды

Тоқаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын өзгертуді ұсынды
Inform.kz

Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Партия құрылымын қайта қарап және оңтайландыру арқылы өзінің ұйымдастырушылық тиімділігін арттыруы керек. Партия аппаратын сервистік модельге қарай құруға басымдық берілуі тиіс»,- деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы партияның ұйымдастырушылық құрылымын да қайта қарау керектігін баса айтты.

«Атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасарының орнына атқарушы хатшы, сонымен қатар тиісті бағыттар бойынша өзге де хатшылар позициясын қарастыру керек. Партияның жанынан құрылған қоғамдық кеңестер ашық және нақты алаңдарға айналуы, оларда ең өткір тақырыптар бойынша ұсынымдар әзірленуі тиіс. Олар өзекті проблемаларды шешудің іс жүзіндегі шынайы тетігіне трансформациялануы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.