Тоқаев Назарбаевқа көңіл айтты

Тоқаев Назарбаевқа көңіл айтты
Сурет: интернеттен

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Мемлекет басшысы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты", деді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерлеуге қатыспайтынын айтты.