Тоқаев: Қытай Қазақстанның сыртқы саясатында өте маңызды рөл атқарады

Тоқаев: Қытай Қазақстанның сыртқы саясатында өте маңызды рөл атқарады
Сурет: Ашық дереккөз

Қытайдың CCTV телеарнасының Leaders Talk бағдарламасына берген сұқбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Қытай Қазақстанның сыртқы саясатында өте маңызды рөл атқарады. 2019 жылы мен Қытайда мемлекеттік сапармен болып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргіздім. Біз халықтарымыздың бірлігін қамтамасыз ететін өзара тиімді саясатты ұстануға келістік. Бұл дегеніміз стратегиялық серіктестіктің мықтылығын білдіреді. Ол - екі ел арасындағы мәңгілік достықтың кепілі. Бұл - Қазақстан халқының ұзақмерзімді мүддесі", - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент осындай саясатты ұстануда Қазақстанның Қытайдың стратегиялық серіктесі болуына ешқашан күмәнмен қарамағанын жеткізді.

"Бұл елдің президенті ретінде арадағы достығымыз берік негізге ие болып, саяси және экономикалық жағынан өзара тиімділікті қамтамасыз етеді деп сенемін", - деді Президент.