Тоқаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының екі ақшалай жүлдесін бекітуді ұсынды

Тоқаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының екі ақшалай жүлдесін бекітуді ұсынды
Сурет: Akorda.kz

Жүлде журналистика және әдебиет, сондай-ақ, мәдениет пен өнер салаларында бекітілмек.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының бүгінгі сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы ұйымның екі ақшалай жүлдесін тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жүлденің бірі журналистика және әдебиет саласына арналған, екіншісі мәдениет пен өнер салаларының өкілдеріне бұйыруы мүмкін.

«Еліміздегі келісім мен үйлесімді нығайтуға нақты үлес қосып жүрген азаматтарды жан-жақты ынталандырып отыру керек. Қазақстан Халқы Ассамблеясының екі жүлдесін тағайындауды ұсынамын. Бірінші – журналистика және әдебиет саласындағы үздік жұмыстар үшін. Екіншісі – өнер мен мәдениет саласындағы үздік туындылар үшін. Ең бастысы, бұл жүлделердің жекелеген авторлар үшін де, шығармашылық ұйымдар үшін де қолжетімді болғаны маңызды», - деді Тоқаев.

Бұл ретте Президент Қазақстан Халқы Ассамблеясының беретін бұл марапаттарының құны мемлекеттік сыйлықтан кем болмауы керек екенін атап өтті.

«Сонымен қатар, ақшалай сыйлықтың көлемі кемінде мемлекеттік сыйлықтың көлемінен кем болмауы керек», - деді Тоқаев.

Сессияға қатысушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл ұсынысына барынша қолдау танытып, қошемет көрсетті.