Тіл саясатын бекіту қазақ тілінің дамуы мен сақталуына ықпал етеді

Тіл саясатын бекіту қазақ тілінің дамуы мен сақталуына ықпал етеді
Сурет: Алина Канның әлеуметтік парақшасы

Мен үшін қазақ тілін насихаттаушы ретінде тіл дамыту тақырыбы қашанда маңызды, дейді қоғам қайраткері, қазақ тілі мұғалімі Алина Кан.

– Алдымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай ешқашан да сән-салтанатпен кездесулер мен бос әңгімелердің алаңы болған емес, келешекте мұндай болмайды деген сөзін тағы да атап өткім келеді.

Кездесуде ақпараттық технологияларды дамыту және волонтерлердің жұмысын қолдау тақырыптары қозғалды.

Дәл осы Құрылтайда Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени даму, білім беру, ұлттық-мәдени мұраны сақтау тақырыбы қозғалды. Ұзақ мерзімді перспективаға арналған тіл саясатын бекіту қазақ тілінің дамуы мен сақталуына ықпал етеді, -дейді қоғам қайраткері.