TikTok-қа 345 миллион еуро көлемінде айыппұл салынды

TikTok-қа 345 миллион еуро көлемінде айыппұл салынды
Сурет: Medianation.ru

Еуроодақ билігі әлеуметтік желіге  осындай жаза түрін қабылдаған.

Өйткені әлеуметтік желі кәмелетке толмағандардың жеке деректерін қорғау жөніндегі ережелерді бұзған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Брюссельдегі шенеуніктердің сөзінше, екі жыл бойы жүргізілген тергеу нәтижелерінен кейін басшылық жауапқа тартылған.  Аталған платформаға айыппұл алғаш рет салынып отырған жоқ. Былтыр Ұлыбритания үкіметі бұл компанияға 15 миллион еуро төлеуді міндеттеді.