Әлемдегі ең қымбат көлік өндіруші анықталды

Әлемдегі ең қымбат көлік өндіруші анықталды
Сурет: Wikipedia.org

Ғажайып көліктер

Электромобиль жасайтын америкалық Tesla компаниясы әлемде ең қымбат автоөндіруші атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жуырда автоконцерн көліктерді жалға берумен айналысатын Хэртц (Hertz) фирмасымен келісімшартқа отырған.

Осыдан кейін Tesla-ның нарықтағы капитализациясы 1 триллион доллардан асып жығылды. Ал акциясы 15 пайызға артты. Илон Масктың дәулеті енді 249 млрд доллар деп бағаланып отыр.

Құжатқа сәйкес, Хэртц компаниясы Илон Масктың корпорациясына құны 4 млрд доллар болатын 100 мың көлікке тапсырыс берген. 

Шарт бойынша, Tesla өз міндеттерін 2022 жылдың соңына дейін орындауы тиіс.