Теңге депозиттерінің максималды пайыздық ставкасы көтеріледі

Теңге депозиттерінің максималды пайыздық ставкасы көтеріледі

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі жинақ салымдар бойынша максималды ставканы арттырады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңге депозиттері бойынша 2022 жылдың маусым айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін бекітті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме өзгеріссіз қалды және мамыр айындағы деңгейде сақталды.

12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме депозит нарығының осы сегментінде орташа өлшемді нарықтық ставканың өсуіне байланысты сәйкесінше 0,1 пайыздық тармаққа және 0,2 пайыздық тармаққа жоғарылады.