Алматы облысында картингте 10 жастағы бала қаза тапты

Алматы облысында картингте 10 жастағы бала қаза тапты
Cурет: Скрин

Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Алматы облысының Іле ауданында картингте 10 жастағы бала қаза болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, алдын ала мәлімет бойынша, бала картингті басқарып келе жатып, пластмассадан жасалған қоршау блоктарын бұзып өтіп, сол жерде тұрған ГАЗ-53 су тасығышымен соқтығысқан.

"Куәгерлердің айтуынша, картинг әйел басқарған басқа картингтің соққысынан инерция арқылы қоршаудан шығып кеткен", - деді полицейлер.

Оқиға орнында Іле аудандық полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда.