Теміржолшылардың жалақысы жаңа жүйемен есептелетін болды - ҚТЖ

Теміржолшылардың жалақысы жаңа жүйемен есептелетін болды - ҚТЖ
Сурет: Ашық дереккөзі

Компания 2021 жылы жаңа жүйені әзірлеуді бастады

«Қазақстан Теміржол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы еңбекақы төлеу жүйесі бұрыннан қалыптасқан учаскелік коэффициенттерге негізделсе, олар тіпті бір облыс шегінде де әртүрлі болатын (бір облыста 4 коэффициентке дейін). Осыған байланысты бір өңірдегі бірқатар бөлімшелер қызметкерлері бірдей жұмыс атқарса да, әртүрлі жалақы алып келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Компания 2021 жылы жаңа жүйені әзірлеуді бастады.

«Ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастап теміржолшыларға бір өңір шеңберінде жалақы бірыңғай облыстық коэффициентті қолдана отырып есептелетін болады. Өзгерістер төменгі учаскелік коэффициенттер бойынша жалақы алып келген 68 мыңнан астам теміржолшыға қатысты», - деп жазды «Қазақстан Теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Теміржолшылар толық ақпаратты жұмыс орындарындағы еңбекақы төлеу мәселелері бойынша мамандардан және компанияның ресми сайтынан ала алады.