Темекі де таңбаланатын болды

Темекі де таңбаланатын болды
Сурет: Rbc.ru

Бұдан бұрын елімізде аяқ киімдердің таңбаланатын мерзімі туралы хабарлағанбыз.

Қазақстанда тауарларды таңбалау үдерісі қарқын алуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Атамекен» ҰКП-ның мәліметінше, 2020 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда сатылатын барлық темекі өнімдерінде, сондай-ақ электрондық сигареттердің стиктерінде Data Matrix коды белгіленуі керек. Бұл кодта тауар туралы бүкіл ақпарат – өндіруші, импортер, партияның сериялық нөмірі және басқа да мәліметтер қамтылады. Бұл шара тауардың қозғалуын қадағалау үшін қолға алынып отыр. Бір бума темекі түпкі тұтынушыға жеткен кезде оны 2D-сканер көмегімен айналымнан шығару керек.

«Таңбалау жүйесінде өткізу-қабылдап алу актілерін міндетті растау процедурасы алынып тасталады. Бұл норма бизнес үшін ерікті формаға ауысады. 2D-сканерге келетін болсақ, оның құны шамамен 25 000 теңге. Оның Naqty Sauda Kassa  атты мобильді қосымша ретіндегі тегін баламасы да бар», – деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Нұрдәулет Орынтай.