Алматыда қола жүлдегерге көлік сыйлады

Алматыда қола жүлдегерге көлік сыйлады
Сурет: Olympic.kz

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаевты әуежайдан жақындары, таныстары және достары қарсы алды. 

Ел намысын Жапонияда қорғап, еркін күрестің жеңімпазы болған Нұрислам Санаевқа BMW маркалы көлігінің кілті сыйға тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Нұрислам Санаев Ресейде дүниеге келген. Қазақстанға ауысқан соң ол есімін өзгертіп (өз есімі – Артас), ислам дінін қабылдаған.