Білім грантының тізімі 15 тамызға дейін жарияланады

Білім грантының тізімі 15 тамызға дейін жарияланады
Сурет: PNGWing

Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. 

Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер, «Қазақстан студенттері Альянсы», "Отандастар" қорының өкілдері кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалатын болады.

Президенттің тапсырмасы бойынша гранттардың жалпы саны 5 мыңға артып отыр. Яғни, өткен жылы білім беру гранттарының саны 51 мың болса, биыл 56 мыңға дейін артты. Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 75 мыңнан астам өтінім берілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда, 13 мыңға артық.