Алматы әуежайында контрабандалық жолмен әкелінген бірнеше iPhone 14 тәркіленді

Алматы әуежайында контрабандалық жолмен әкелінген бірнеше iPhone 14 тәркіленді
Сурет: Кірістер департаменті

Ведомство Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалында кедендік бақылаудың күшейтілгенін хабарлады

Алматы әуежайында iPhone 14 және iPhone 13 маркалы декларацияланбаған ұялы телефондарды, сондай-ақ Macbook және AirPods сынды жалпы саны 70 дана тауарды Дубай – Алматы бағыты бойынша заңсыз әкелу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, контробандалық әрекетті 2022 жылғы 12 қазанда Алматы қаласы бойынша МКД "Жетісу" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасымен және Алматы шекара қызметімен бірлесіп анықтаған.

«Ұсталған 70 дана тауар уақытша сақтау қоймасына ауыстырылды және материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабына сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді», — делінген хабарламада. 

Ведомство Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалында кедендік бақылаудың күшейтілгенін хабарлады.

«Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 "жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" шешіміне сәйкес, жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жатқызу критерийлері бойынша, бір тұлғаға екі талдан аспайтын ұялы телефондарды әкелу рұқсат етіледі», — делінген хабарламада.