Театр қойылымдарына билет жоқ

Театр қойылымдарына билет жоқ
Сурет: Informburo.kz

Cоңғы уақытта елімізде театр өнеріне деген қызығушылық күрт артқан.

Кей өнер ұжымдарының қойылымдарына билет алу үшін айлап күтуге тура келеді. Мұндай тенденцияға әртістер өте қуанышты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Халықтың ықыласына бөленген Мұхтар Әуезов театрының әртістері Астанаға келіп, 1 апта өнер көрсетпекші. Көрермендерге таңдалып алынған үздік 7 қойылымын ұсынбақ. Одан бөлек, өнер ұжымының ғимараты биыл күрделі жөндеуден өтпекші екен.

«Қыркүйек айында театр күрделі жөңдеуге жабылады деген жоспар бар. Егер бәрі жоспарға сай болатын болса, біздің театрымыз негізінен бүкіл республика бойынша турне жасайды, яғни 2 жылда республиканың барлық орталығын аралап шығамыз және 2 жылда 6 шетелдік қалалар жоспарда тұр», - дейді  М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек.