Тайваньға американдық конгрессмендер делегациясы келді

Тайваньға американдық конгрессмендер делегациясы келді
Сурет: Anna-news.info

Сыртқы істер министрі банкетте АҚШ конгрессмендерінің екі делегациясын қарсы алды.

Тайваньға американдық конгрессмендердің кезекті екі делегациясы - республикалық пен демократиялық партиялар өкілдері келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Сапар бағдарламасына сәйкес, конгрессмендер Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнмен кездесіп, екіжақты қатынастар, аймақтық қауіпсіздік пен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

"Сыртқы істер министрі банкетте АҚШ конгрессмендерінің екі делегациясын қарсы алды. Біз достарымызға қорғаныс мәселелері мен Тайваньның Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөлі туралы мазмұнды талқылауға алғыс білдіреміз", - делінген аралдың сыртқы саяси бөлімінің желідегі ресми аккаунтында.

Бұған дейін Өкілдер палатасының мүшелері, республикашыл Брэд Венструп пен демократ Сет Мултон басқаратын АҚШ конгрессмендерінің екі делегациясы аралда 13 қазанға дейін болатыны хабарланған болатын. Делегация құрамына Кай Кахель мен Майкл Вальс конгрессмендері де кірді.