Таулы Қарабақтағы ахуал

Таулы Қарабақтағы ахуал
Cурет: 24.kz

 Әзербайжан Ресейдің қорғаныс министрлігіне жауап берді

Әзербайжан қорғаныс министрлігі өз әскерінің Таулы Қарабақ аумағына кіргенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Ресми сайтта 2020 жылдың қарашасында Ресей, Армения мен Әзербайжан тараптары жасасқан мәмілені бұзбағанын ескертті. 

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдың қорғаныс министрлігі Әзербайжанның қарулы күштері Таулы Қарабақтағы Ресей бітімгерлері жүрген аймаққа заңсыз кірді деген мәлімдеме жасаған. 

Бұған қоса, әскери бөлімшеге «Байрактар» ұшқышсыз аппараты арқылы 4 рет соққы жасалды деген хабар тарады. Баку бұл айыптардың барлығын жоқа шығарып отыр. Қазір аймақта әскери жағдай жарияланды.