Танымал әнші әуе апатынан қаза тапты

Танымал әнші әуе апатынан қаза тапты
Cурет: Аnewizv.ru

Латин Грэмми» музыкалық жүлдесінің лауреаты қаза тапты

Бразилияның танымал әншісі Марилия Мендоса әуе апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

26 жастағы әртіс мінген шағын ұшақ елдің шығысындағы Минас-Жерайс штатында құлаған. Ол өңірге өзінің жеке концетіне ұшып бара жатқан екен. Әуе кемесінде әншіден бөлек ағасы, продюсері мен екі ұшқыш  болған. Ешкім тірі қалған жоқ. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. 

Айта кеткен жөн, 2 жыл бұрын Марилия Мендоса беделді «Латин Грэмми» музыкалық жүлдесінің лауреаты атанған еді.