Әлішер Кәрімов Ресейдің «Голос» шоуына қатысып жатыр

Әлішер Кәрімов Ресейдің «Голос» шоуына қатысып жатыр
Cурет: Видеодан скрин

Қазақстан әншісі Әлішер Кәрімов ресейлік «Голос» шоуына қатысып, келесі кезеңге өтті

Әлішер Кәрімов көрмей тыңдау кезеңінде Шарль Азнавур мен Жорж Гарваренцтің Une vie d’amour («Мәңгілік махаббат») әнін орындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz baribar.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан әншісіне тәлімгерлерден Александр Градский бұрылды.

Айта кетейік, Әлішер Кәрімов — шоудың келесі кезеңіне өткен Қазақстанның үшінші әншісі.

Бұған дейін қазақстандық Ернар Садырбаев «Голос» шоуына қатысып, төрт тәлімгерді де өзіне қаратқан еді. Ол Дима Биланның командасын таңдады.
Мұның алдында Әділхан Макин де бұл шоудың бірінші кезеңінен өтіп, Александр Градскийді таңдады.