Тамыздағы ҰБТ-ға кім қатысады?

Тамыздағы ҰБТ-ға кім қатысады?
Сурет:BAQ.KZ

ҰБТ 10-13 тамыз аралығында өтеді.

Негізгі ҰБТ-ға қатысқандар тамыздағы ҰБТ-да негізгі пәндер комбинациясын өзгерте алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен тамыздағы ҰБТ-ға мына тұлғалар қатыса алады:

ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін немесе қалауы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері;

қалауы бойынша ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өткен жылдардағы бітірушілері;

өз қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе қалауы бойынша ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне, сондай-ақ шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;

ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша ЖЖОКБҰ-ға қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинай алмаған, күнтізбелік жылы ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелері сәйкес келмейтін бейіндік пәндер комбинациясымен ҰБТ нәтижелері жойылған тұлғалар;

шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары және ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер;

ақылы негізде «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы білім беру бағдарламалары тобына ауысқысы келетін ЖЖОКБҰ білім алушылары.

Сонымен қатар, негізгі ҰБТ-ға қатысқандар тамыздағы ҰБТ-да негізгі пәндер комбинациясын өзгерте алады.

Тестілеуге қатысу құны - 4 230 теңге.