«Қызыл» аймақтағылар азайып келеді

«Қызыл» аймақтағылар азайып келеді
Сурет: Еgemen.kz

Еліміздің көп бөлігі «сары» белдеуде тұр.

2021 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары қалды.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары тұр.