Тамыз айында неше күн демаламыз?

Тамыз айында неше күн демаламыз?
Сурет: slimpad

Бұл айда Қазақстанда бір мереке – Конституция күні бар.

Биыл 30 тамыз сейсенбіге сәйкес келіп отыр, соған байланысты демалыс күнін сенбі, 27-нен 29-ы дүйсенбіге ауыстыру бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 28-30 тамыз аралығында үш күндік демалыста болады.

Нақтырақ айтсақ, аптада бес күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 27 тамыз жұмыс күні, жексенбі-дүйсенбі, 28, 29 және 30 тамыз демалыс күндері болады. 31 тамыз, сәрсенбі – жұмыс күні.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі жұмыс күні, өзгеріс жоқ. Олар тек 28-де жексенбіде, ал 30-да сейсенбіде ғана демалады. 27-сі, сенбі және 29-ы, дүйсенбі - жұмыс күндері.