Тамыз айында ауа райы қандай болады?

Тамыз айында ауа райы қандай болады?
Сурет: 24.kz

Республиканың басым бөлігінде – орталық, оңтүстік және батыс өңірлерде ауа температурасы 38 градусқа дейін жетеді.

Тамыз айында еліміздің оңтүстік, орталық және батыс өңірлеріндегі тұрғындарға өрт қауіпсіздігін мұқият сақтау қажет болады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Бұл - Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасеновтың ескертуі.

 «Қазгидромет» мәліметтері бойынша, тамыз айында ай бойындағы орташа температура қалыпты болады. Республиканың басым бөлігінде – орталық, оңтүстік және батыс өңірлерде ауа температурасы 38 градусқа дейін жетеді. Яғни, өрт қауіпсіздігі ережелерін жоғары деңгейде сақтау керек деген сөз», — деді комитет төрағасының орынбасары.

 Сондай-ақ ол өрт қауіпсіздігін сақтамау қандай жауапкершілікке соқтыратынын еске салды.

«Азаматтарды орман мен далада болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамын. Өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336, 337, 410-баптарымен жаза қарастырылғанын еске салғым келеді», – деді министрлік өкілі.