Талдықорғанда регбиден ел үздіктері анықталды

Талдықорғанда регбиден ел үздіктері анықталды
Cурет: Olympic.kz

Талдықорғанда регбиден жасөспірімдер арасындағы ел үздіктері анықталды, Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорғанда регбиден жасөспірім ұл-қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды.
2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында талдықорғандық "Жетісу" командасы топ жарды. Алматылық Rugby Kids екінші болса, Алматының тағы бір командасы "Азияспорт-Junior" үздік үштікті қорытындылады. 
Аталған санат бойынша жарысқа барлығы алты команда қатысты.