Алматыда каратэден Азия чемпионаты өтеді

Алматыда каратэден Азия чемпионаты өтеді
Cурет: Olympic.kz

Алматыда каратэден Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған турнир халықаралық каратэ федерациясының күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылады.
Азия чемпионатына жасөспірімдер, жастар мен ересек құрама команда спортшылары қатысады.
Айта кетерлігі, құрлықтық біріншілік 19-22 желтоқсан күндеріне жоспарланған.