Тағы екі кеншінің мәйіті табылды

Тағы екі кеншінің мәйіті табылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

8 кенші әлі іздестіріліп жатыр.

Бүгін сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша, Костенко атындағы шахтада 38 адамның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шахтадан 38 адамның денесі табылды, 8 кенші әлі іздестіріліп жатыр.

Іздеу жұмыстарын жүргізу қираған шахта жабдықтарының, сондай-ақ жекелеген жерлерде үйінділердің болуымен қиындай түскен.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағандыда (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.