Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Париж лицензиясына ие болды

Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Париж лицензиясына ие болды
Сурет: Olympic.kz

Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан Азия аймақтық лицензиялық  турнирінде қазақстандық Батырхан Төлеуғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырдан жартылай финалда Сауд Арабиясы өкілі Әли-Мабрук-әл -Мабрукты жеңді. 

Осылайша, 17 жастағы спортшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алды.

Батырхан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада чемпионы.