Халықаралық олимпиада жүлдегерлері ақшалай сыйлықтарға ие болды

Халықаралық олимпиада жүлдегерлері ақшалай сыйлықтарға ие болды
Сурет: Inbusiness.kz

Сыйақының жалпы сомасы 76 млн теңгеден асты.

Халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған 27 қазақстандық оқушы қомақты ақшалай сыйлықтарға ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов беделді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына сертификаттар мен қазақстандық ЖОО-да оқуға гранттар табыстады. Биыл оқушылар қазақстандықтардың халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысу тарихында рекордтық медальдар топтамасын жеңіп алды: 3 алтын, 15 күміс және 9 қола.

Алтын медаль алған оқушылар 1 500 АЕК, күміс медаль 1 000 АЕК, қола медаль 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық алды.