Табиғатқа құлақ сал

Табиғатқа құлақ сал
Сурет: Министрлік

Экотуризм бойынша ұлттық стандарт жаңартылды

Қазақстандағы БҰҰДБ қолдауымен «Көлсай-көлдері» ұлттық паркінде «Табиғатқа құлақ сал» атты жаңа экологиялық маршрут ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол Саты шатқалында орналасқан.

Жаңа маршруттың атауы – табиғатты түсіну және онымен бірігу, адамдар мен ғаламшардың болашағы үшін оны ұқыпты сақтап, құрметтеуді білдіреді.

«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінде жаңа экологиялық маршрутты іске қосу - келушілер ағынын бөлу арқылы Көлсай және Қайыңды көлдеріне түсетін шамадан тыс рекреациялық жүктемені азайтады.

«Бір жағынан, қазір туристік сектор үшін оң үрдіс байқалып отыр, ал екінші жағынан табиғи ортаға және биоалуантүрлілікке антропогендік әсер күшейіп келеді, бұл өсіп келе жатқан жүктемені азайту шараларын әзірлеу қажет екенін білдіреді. Бұл тұрғыда Министрлік ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Экотуризм бойынша 2993–2017 ұлттық стандарты жаңартылды. Сонымен қатар, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексіне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін азаматтардың жауапкершілігін күшейту, атап айтқанда тұрмыстық қатты қалдықтармен ластау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзған үшін айыппұл санкцияларын арттыруға бағытталған өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекова.

«Табиғатқа құлақ сал» маршрутының негізгі идеясы экотуризмнің жаңа бағытын дамыту - неғұрлым табиғатқа жақын болу, абаттандырудың минималды элементтерін қолдану.

“Табиғатқа құлақ сал” маршрутында кіру тобы, ақпараттық белгілер, визит алаң мен демалыс орындары, ұлттық парктің биоалуантүрлілігі туралы негізгі ақпаратты қамтитын тақырыптық аншлагтар (стендтер) орнатылған.

Айта кету керек, жоғарыдағыдай жұмыстар Қатонқарағай мен Сайрам-Өгем ұлттық табиғи парктерінде жүргізілген.