Сәбіздің бағасы қашан арзандайды?

Сәбіздің бағасы қашан арзандайды?
Сурет: Klub-g.ru

Соңғы бір айдың көлемінде сәбіз бен картоптың бағасы аспандап кеткені туралы БАҚ-да да, әлеуметтік желіде де көп айтылды.

Бұл сұраққа бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қаламыздағы көкөністің бағасы туралы біз ашық айтып келеміз. Маусымаралық кезеңде бағаның өсіп кеткені рас. Дәл қазір алдыңғы апталарға қарағанда картоптың бағасы 2 есеге арзандады, енді сәбіздің де бағасы түседі. Қала тұрғындарын жеткілікті мөлшерде көкөніспен қамтамасыз ету үшін біз Түркістан облысымен келісімшарт жасастық. Сол келісімшарттың нәтижесінде қаламызға көкөністің барлық түрінен 22 мың тонна әкелінеді. Біз биыл ғана емес, алдағы жылды да ойлап, келесі жылғы өнімге жеткенше қала тұрғындарын көкөніссіз қалдырмау үшін келісімшарт жасасып жатырмыз», - деді Еркебұлан Оразалин.