Суперкубокті екі команда сарапқа салады

Суперкубокті екі команда сарапқа салады
Сурет: Inform.kz

Алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» кездеседі

Матч 2 наурыз күні елордадағы «Астана Арена» стадионында болады. Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Наурызда ойындар кестесінің тығыздығына байланысты клубтармен келісе отырып, суперкубок жеңімпазын классикалық түрде бір ойынмен анықтау туралы шешім қабылданды», - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстан суперкубогі 24 ақпанда басталуы керек еді. Турнирге «Тобыл», «Астана», «Қайрат» және «Қызыл Жар»  қатысады деп жоспарланған. Бірақ қаңтардағы жағдайға байланысты уақыты шегерілді. Тіпті өтпеуі мүмкін деген ақпарат тарады. Енді басы-қасындағылар осындай форматта жасамақ. Ал ел чемпионатының өзі 5 наурызда басталады.