Канадада омбы қар түсті

Канадада омбы қар түсті
Сурет: Rubryka.com

Қарлы боран ұйытқып соқты

Канаданың Торонто және Онтарио қалаларында ақ түтек боран, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қалың қар жолдар мен көліктерді басып қалған. Коммуналдық қызмет ештеңеге үлгермей жатыр.

Тұрғындар көшедегі омбы қарды өздері аршып әлек.

Қоршаған орта министрлігінің мәлімдеуінше, Торонтоға жауатын қардың қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жетуі мүмкін.

Қаладағы автобустар толық тоқтап, әуежайдағы рейстердің 30 пайызы кейінге шегерілген.