Спорттық ату түрлерінен Қазақстан бірінші орында

Спорттық ату түрлерінен Қазақстан бірінші орында
Сурет: 24.kz

Қазақстан спорттық ату түрлерінен Джакартада бірінші орын алды.

 Индонезияның Джакарта қаласында спорттық ату түрлері бойынша әлем кубогы мәресіне жетті. Жылдың алғашқы байрақты бәсекесі жерлестеріміз үшін жемісті болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық құрама қоржынына 10 медаль түсті. Оның 3-еуі алтын. Атап айтқанда, шымкенттік Никита Чирюкин 25 метрден тапаншамен нысана көздеуде алдына жан салмады. Ал, әйелдер арасында Арина Алтухова барлық мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, ең үздік нәтижені тіркеді. Бұған қоса, қазақстандық қыздар да командалық сында топ жарды. Пневматикалық винтовкадан нысана көздеу бәсекесінде Александра Ле, Елизавета Безрукова және Анастасия Григорьева үштігі қорғаған болатын. Бұған қоса, ұлттық құрама спортшылары 5 күміс пен 2 қола жеңіп алды. Бұл көрсеткіш жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, әлем кубогының қорытындысы бойынша жақсы нәтиже тіркеген спортшыларға рейтинтік ұпайлар таратылды. Дәл осы тізім кейін Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда негізгі рөлді атқарады.