Сот Томирис Байсафаның өліміне Дағыстанның экс вице-премьерінің баласын кінәлі деп тапты

Сот Томирис Байсафаның өліміне Дағыстанның экс вице-премьерінің баласын кінәлі деп тапты
Cурет: Ашық дереккөз

Қазақ қызын терезеден итеріп жібергені дәлелденді

Ресейдің Мәскеу қаласы Измайлов ауданы сотының алқабилері Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің баласы Муртазали Меджидовты қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Томирис Байсафаның анасы Жанан Ахметованың Instagram парақшасында жазды.
Алқабилер соты Муртазали Меджидовтың Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті қазақстандық қызды терезеден итеріп жібергені дәлелденді деп тапты.

Осыған дейін Томирис Байсафаның ісіне қатысты сот тергеуі аяқталғанын жаздық.