Солтүстік Қазақстан облысы локдаунға жабылуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысы локдаунға жабылуы мүмкін
Сурет: 24.kz

Соңғы екі аптада облыста коронавирустың таралуы 1,5 есе өскен

Солтүстік Қазақстан облысының санитар дәрігерлері өңірде коронавирустың күшеюін вакциналау қарқынының төмендігі мен дельта штамының таралуымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

СҚО бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, кейінгі кездері облыс бойынша тек 200-300 адам вакцина салдырады, бұл эпидахуалға кері әсер ете бастаған.

Бірақ Қазақстанның барлық өңіріндегі жағдай бірдей емес. Мысалы, Түркістан облысында және Шымкентте вакциналау жоспары 30 қыркүйекте орындалған. Бүгінде екі өңір де «жасыл» аймақта. Вирус тарау қарқыны азайып, шектеу шаралары жеңілдеген. 

Ал Солтүстік Қазақстан облысында, керісінше, вакциналау қарқыны азайып, ауру деңгейі өсіп жатыр.  

«Екі аптадан бері Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймақта. Егер ауру деңгейі азаймаса, мекемелердің жұмысын тоқтатып, локдаун жариялауымызға тура келеді. Әрине, бұл мәжбүрлі шара, себебі науқастар санының көбеюі медициналық мекемелерге салмақ түсіруі мүмкін»,- дейді Арман Күшбасов.