«Славян базарында» қазақстандық әншінің өнері жоғары бағаланды

«Славян базарында» қазақстандық әншінің өнері жоғары бағаланды
Сурет: 24.kz

Беларусь елінде 32-ші халықаралық «Славян базары» өнер фестивалі аясында балалар музыкалық байқауының екінші, соңғы күні өтіп жатыр.

Қазақстанның абыройын асырып, жас әнші Шерхан Арыстан байқаудың бірінші күні қазылар алқасының ең жоғары ұпайына ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz хабарлауынша, сайысқа әлемнің 18 елінен үміткерлер келген. Ал қазылар алқасына Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева төрағалық етіп отыр. Байқаудың алғашқы күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан көш бастап тұр.

Әділқазылар жас талант Шерхан Арыстанның өнеріне жоғары баға берді.    Жалпы біздің өнерпаздар 20 жылдан бері бұл байқауға үздіксіз қатысып келеді. Және де жүлдесіз қайтқан кезі жоқ. Биыл да отандастарымыздың бағы басым болатынына сенім мол.