СІМ шетелге баратын отандастарымызды қауіпсіздік іс-шараларын сақтауға шақырды

СІМ шетелге баратын отандастарымызды қауіпсіздік іс-шараларын сақтауға шақырды
Сурет: Gov.kz

...Мемлекет әрқашан қолдарынан ұстап жүре алмайды - СІМ өкілі

Ведомствода өткен брифингіде БАҚ өкілдері министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтан Түркияның Алания қаласында жол апатынан қайтыс болған бір отбасының 3 мүшесіне қатысты соңғы мәліметті сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Ол отбасы мүшелерінің мүрделері Қазақстанға жеткізілді. Әрине, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Екі көлік соғысқан, жүргізушілері тергелуде. Адвокаттар бар. Консулымыз олардың туған-туыстарымен, Түркияның жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста. Азаматтарымыз Түркияда демалып жатса, қандай да бір экскурсияға не басқа жерге баратын болса, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Олардың жанында мемлекет әрқашан қолдарынан ұстап жүре алмайды», - деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, Сыртқы істер министрлігі аталған отбасы мүшелерінің мүрделерін елге жеткізу үшін жан-жақты көмек көрсеткен.

Естеріңізге сала кетсек, 4 қыркүйек күні Түркияның Алания қаласында сафари-көлік пен жеңіл автомобильдің соқтығысуы салдарынан журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан мен 2 жасары қызы оқиға орнында қайтыс болды.

Бірнеше күннен кейін аурухананың жансақтау бөлмінде жатқан отбасының отағасы дакөз жұмды.