Сібір жарасына қатысты What's App мессенджері арқылы тараған ақпарат жалған

Сібір жарасына қатысты What's App мессенджері арқылы тараған ақпарат жалған
Сурет: Google.kz

Соңғы күндері  Түркістан облысының аумағында What's App мессенджері арқылы сібір жарасына қатысты аудиожазба тараған.

Түркістан облысының санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті  осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Түркістан облысы Түлкібас ауданының екі тұрғынынан сібір жарасы анықталды. ​​​​​​​​​​​ Қазіргі уақытта олардың біреуі Ақмола облысында, біреуі Түркістан облысында  ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы бірқалыпты, жақында ауруханадан шығарылады. Ал ауру малдың еті Түркістан облысына тиесілі емес, науқастардың сөзінше, олар етті Жамбыл облысынан сатып алып келген. Нақты кімнен, және қай жерден сатып алғандығы жөнінде тергеу-тексеру жұмыстарымен құзыретті органдар айналысуда.

«Құрметті облыс тұрғындары! Ет және ет өнімдерін тек қана  ветеринариялық анықтамасы  бар сенімді жерлерден сатып алуға шақырамыз! Белгісіз азаматтар  таратқан аудиожазбаларға сенбеуді сұраймыз!» - делінген департаменттің хабарламасында.