Сібір жарасын жұқтырған үш адамның біреуі ауыр халде

Сібір жарасын жұқтырған үш адамның біреуі ауыр халде
Сурет: интернеттен

Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Ауру жұқтырған үш адамның біреуі реанимацияда, екеуінің жағдайы орташа, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Әбдиеваның сөзіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Топар кентінде сібір жарасының ошағы анықталғанын хабарлағанбыз.

Кентке Абай қаласынан кіре берісте көліктерді санитарлық өңдеуден өткізу үшін бекет орнатылды. Карантиндік шараларды сақтау үшін Жартас кентінен Топар кентіне екінші кіреберіс уақытша жабылды.Тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Сондай-ақ кенттен мал әкетуге және әкелуге, оны шаруашылықтар ішінде саудалауға, ауру малдың сүтін пайдалануға, мал союға және сол аумақтан жем мен жемшөп қоспаларын пайдалануға тыйым салынды.

Жағдай уәкілетті қызметтердің толық бақылауында. Оқиға орнында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, денсаулық сақтау, ветеринариялық бақылау комитетінің аумақтық инспекциясы мен ветеринария басқармасының, республикалық эпизоотияға қарсы топтың бір топ қызметкерлері жұмыс істеуде.