Алматыда жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған топ ұсталды

Алматыда жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған топ ұсталды Сурет: Inform.kz

Көлік полицейлері жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған бір топ адамды ұстады.



Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл жөнінде көліктегі полиция департаметінің бастығы Бақытжан Малыбаев хабарлады.




– Күдіктілердің, алдын ала сөз байласу арқылы Жетіген станциясында ҚХР – Алматы бағыты бойынша қатынайтын жүк вагондарынан бірнеше рет тұрмыстық техникаларды ұрлағандары анықталды (аквариумға арналған жабдық – 43 дана, 14 кондиционер, 114 су жылытқыш, 63 электр плита) деп мәлімдеді Б. Малыбаев.




Қасақана жасалған қылмыстық әрекеттердің салдарынан жекеменшік компанияларға 9 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілген. Көлік полицейлерінің жедел әрі үйлесімді жүргізген іс-шараларының арқасында жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелген.


Сондай-ақ ведомства басшысының айтуынша, қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Алматы 1 станциясындағы ЖПБ қызметкерлері Қылмыстык кодекстің 188-бабтың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Онда мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14