Шілде айы айрықша ыстық күндермен басталады

Шілде айы айрықша ыстық күндермен басталады
Сурет: Yagazeta.com

Бұдан бұрын «30 маусым мен 2 шілде аралығында қатты ыстық болады» деген ТЖМ-нің мәліметін хабарлаған болатынбыз.


Қазгидромет РМК мәліметіне сәйкес, Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массаларының шығуы, біздің еліміздің көп бөлігінде өте ыстық ауа райының болуына әсер етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Тек республиканың батысында, содан кейін солтүстік-батысында циклон шұңқырының келуімен найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақтың түсуі, желдің қатты күшеюі және жылудың әлсіреуі күтіледі.


Түнде термометрлер солтүстік, оңтүстік және орталықта 12-25℃ жылу, күндізгі 30-44℃ жылу, шығыста түнде 12-20℃, күндіз 27-35℃ жылу көрсетеді, ал батыста түнде 15-26℃, күндіз 28-36℃ жылу төмендейді.