Шетелдік валюта бағамының ауытқуына қатысты қандай болжам бар?

Шетелдік валюта бағамының ауытқуына қатысты қандай болжам бар?
Сурет: ашық дереккөз

Нарықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы аздап құлдырады.

Ішкі-сыртқы өзгерістерге сай, «қара базар» теңге позициясын екшеп-текшеуде. Мұнай нарығында жеңілдіктер жүріп жатыр. Инвесторлар ОПЕК+ қолдан келген бар мүмкіндікті пайдаланып, бағаны реттеу үшін қажет шешім қабылдады дегенге сенбейді. Brent маркалы мұнайдың баррелі 79,30 долларға дейін арзандады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. АҚШ доллары әлемдік валюта нарығында айтарлықтай мығым. Ішкі нарықта валюта ұсынысы жеткілікті болса, бұл фактор теңгенің позициясына қысым жасамайды.

Шетелдік валюта бағамының ауытқуына қатысты бүгінде мынадай болжам бар: АҚШ доллары – 459-462 теңге, еуро – 500-506 теңге, рубль – 5,10-5,18 теңге, юань – 63-65 теңге аралығында болады.