Шетелдік әскери дәрігерлер Қазақстанда білімін жетілдіруде

Шетелдік әскери дәрігерлер Қазақстанда білімін жетілдіруде
Сурет: Gov.kz

Олар алған білімдерімен өз елдерінде әріптестерімен бөлісетін болады.

Алматыда Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген әскери-медициналық қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясында іске асырылып жатқан шараны Жарылыс қаупі бар заттардың тәуекелін азайту жөніндегі кешенді ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығы ұйымдастырды», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сабақтар әскери-далалық медицина саласында, оның ішінде жарылыс қаупі бар заттардан зардап шеккендерге жәрдем көрсету кезінде әскери дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Дәрістер мен практикалық сабақтарды тәжірибелі, жоғары білікті халықаралық нұсқаушылар өткізеді.

Қатысушылар курс барысында алған білімдерін өз елдерінде әріптестерімен бөлісетін болады.